Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • Кадрлық ауыс-түйіс

    2376
    30 желтоқсан

    Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып Дүйсембаев Аян Сәбитұлы тағайындалды.

    Аян Сәбитұлы 1966 жылы Атырау облысында туған, білімі жоғары, «жаттықтырушы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1991 жылы Атырау облысында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметінен бастаған.

    1993 – 1995 жылдары Қазақ дене шынықтыру және спорт институтында мұғалім болды.

    1995 – 1999 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

    1999 – 2019 жылдар аралығында Ішкі істер органдарында қызмет етті: Алматы, Астана, Атырау қалаларының Жедел басқармалар бастығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде департамент бастығы, кейін Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы болды. 

    Полиция генарал-майоры.

    Сондай-ақ,Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы болып Дариға Саломатқызы Кесикбаева тағайындалды.

    Дариға Саломатқызы1980 жылы туған, білімі жоғары, «заңгер» мамандығының иесі.

    Өзінің еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облысы Сот қаулыларын орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

    2001 – 2014 жылдары Соттар әкімшісінің Атқару өндірісін және сот приставтарының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, кейін Сот актілерін орындау департаментінің бөлім басшысы.

    2014 – 2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысының әділет департаментінің Атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімінің басшысы, кейін департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының басшысы болған.

    2019 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Маңғыстау облысының Әділет департаментінің басшысы.


    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар