Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • Емхана туралы

    06 ақпан

    Рахат емханасы 2013 жылы салынған екіқабатты типтік ғимаратта орналасқан. Емхананың қуаттылығы бір ауысымда 500 адам қабылдауға есептелінген, ал нақты қуаттылығы бір ауысымда 825 құрап отыр. Бекітілген тұрғындар регистріне сәйкес емханаға қарасты 43890 адамнан тұратын тұрғындардың 17261-і балалар, 1127-сы – жасөспірімдер болса, 26629-ы – ересектерді құрайды. Бұл мекемеде 87 дәрігер, 197 орта медициналық қызметкер қызмет етеді, оның ішінде 3 дәрігер жоғарғы санатты болса, 4-еуі – бірінші, 1-еуі – екінші санатқа ие.

    Бүгінгі таңда емханада Денсаулық сақтаудың Ұлттық Жүйесі сәтті енгізілді, бала кездегі ауруларды интегралды жүргізу бағдарламасы енгізіліп келеді. ДҰЖ аясында науқастарды жоспарлы госпитализациялау стационарды таңдауды ескерумен госпитализациялау Бюросы Порталы арқылы жүргізіледі.

    Емханада бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек бөлімі, арнайыландырылған көмек бөлімі (клиникалық-диагностикалық бөлім), алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі жұмыс жасайды. Одан басқа, тұрғындарға келесі бағыттардағы медициналық көмек көрсетіледі: терапия, педиатрия, акушерлік және гинекологиялық, эндокринология, кардиология, офтальмология, неврология, хирургия, травматология, оториноларингология, дерматовенерология, урология, маммология, инфекциялық аурулар және онкология.

    Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында емхананың медициналық қызметкерлері қала тұрғындарына амбулаторлық-емханалық көмекті күндізгі стационарда амбулаторлық жағдайда және үй стационарында көрсетеді. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының мақсатты индикаторларының ауруларды ерте анықтау, тұрғындар арасындағы өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің алдын алуға бағытталғанды ескеріліп, емханада әртүрлі бағыттардағы денсаулық мектептері, отбасын жоспарлау кабинеті және дені сау бала кабинеті ұйымдастырылған, скринингтік бақылаулар жүргізіліп отырады. Одан басқа, «Д» есепте тұрған науқастарды диспансерлік бақылау, оңалту және сауықтыру бойынша жұмыстар да жүргізіледі. Бұл мақсаттарда науқастар ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бекітілген тізімге сәйкес тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі, физиотерапевттік ем-шаралар алады.

    Бүгінгі таңда тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда медициналық мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуының маңызы зор. Сондықтан, емханада флюрография, рентгенография, эндоскопия, УДЗ-диагностикасының кабинеттері жұмыс жасап тұр. Функционалды диагностика кабинеті тредмил-тестілеу, тәуіліктік мониторлау, артериалды қысымды тәуіліктік мониторлау, ЭКГ холтеровтік мониторлау, эхокардиограф аппараттарымен жабдықталған.

    Қызметіміздің басты бағыты болып бірінші реттік медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағытталған моделі, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету табылады.

    МИССИЯСЫ – дәлелді медицина негізінде сапаны, қолжетімділікті, үздіксіздікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін науқасқа ден қойылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсету.

    МАҚСАТЫ – медициналық мекемедегі ішкі механизмдерді оңтайландыруға негізделген, науқастарды қолжетімді, уақытылы, сапалы медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанмедициналық қызметтер сапасын бағдарлау жүйесін шыңдау.

    БОЛАШАҚТЫ КӨРІНІСІ – «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК – Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға негізделген сапалы да қолжетімді медициналық көмек көрсететін қарқынды дамып келе жатқан бәсекеге қабілетті ұйым.

    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар