Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
2020 жылға арналған облыс бюджеті көлемінде бекітілді (РБ – 50 млрд.теңге, МБ – 160 млрд.теңге). Бұл осы жылдың бекітілген бюджетінен 17 млрд.теңгеге немесе 9%-ға артық. Қолданыстағы салықтық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттің кірістер базасына шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін корпоративті табыс салығы берілді. Бекітілген бюджет көлеміндегі аталған салықтың үлесі 13 млрд.теңге.Облыс - республикалық бюджеттің доноры. 2020 жылға белгіленген бюджеттік алымдар көлемі – 8,2 млрд. теңге (2019 жыл – 35,4 млрд.теңге). Бюджет құрылымының негізгі үлесін 60% әлеуметтік сала шығыстары құрайды - 123 млрд.теңге (2019 жыл - 108 млрд теңге) немесе өсім 14%.
2020 ЖЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА 96 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫБілім беру саласына 21% өсіммен 96 млрд. теңге жоспарланды (2019 жыл – 79 млрд.теңге).
Мектепке дейінгі білім беруде 305 балабақшаның қызметін қамтамасыз етуге 6% өсіммен 15 млрд.теңге жоспарланды.Биыл 1978 орындық 27 жеке балабақша қолданысқа берілді.
Облыста 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші - 100%.Орта білім беруге жоспарланған қаржы көлемі 65 млрд. теңге немесе осы жылмен салыстырғанда өсім - 23%.
Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын 25%-ға өсіруді қамтамасыз етуге 14 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Орта есеппен мұғалімдердің жалақысы 200 мыңнан 230 мыңға дейін өсетін болады.Орта білім беруде басты приоритет – оқушылар қауіпсіздігі. Оны қамтамасыз ету үшін облыстың 63 мектебінде 106 әжетханалар және 39 мектепте бейнебақылау камераларын орнатуға 290 млн.теңге жоспарланды. Жалпы қажеттілік 70 мектепке 217 әжетхана және 131 бейнебақылау камералары. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады және жаңа оқу жылына дейін толықтай қамтамасыз етіледі.Сонымен қатар, аз қамтылған отбасының 11 мың баласы және 1-ші сыныптың 19 мың оқушысы ыстық тамақпен қамтылатын болады.
Өңірде үш ауысымдық оқыту мәселесі бар.
Тұрақты демографиялық өсім есебінен ағымдағы жылы мектептердегі сынып саны 314 бірлікке, оқушы саны 9 311 балаға артты. Осы мәселені шешу – тұрақты бақылауда.2020 жылы сыйымдылығы 3080 оқушыға арналған 3 жаңа мектеп пен 2 қосымша ғимарат құрылысын аяқтауға 1,5 млрд.теңге қарастырылды.
Бұдан бөлек, 7994 орынға арналған 15 мектептің жобалық сметалық құжаттарын жасақталуда.КЕЛЕР ЖЫЛЫ 160 СТУДЕНТ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТЫЛМАҚ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.Бүгінгі таңда облыс колледжерінде оқитын студенттер саны 19 мың. Жатақхананы 1400 студент қажет етсе, олардың тек 600-і жатақханамен қамтылған. 2020 жылдың бюджетінде туризм және политехникалық колледжі жатақханаларының жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 160 студент жатақханамен қамтылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде 2020 жылы «Жас маман» жобасы іске қосылады. Жоба аясында облыстың 5 колледждері (технологиялық сервис, политехникалық, туризм колледждері, Жаңаөзен жаңа технологиялар және Маңғыстау политехникалық колледжері) оқу процесіне қажетті құралдармен жабдықталады.ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ҚАЗЫНАДАН 4 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.Жергілікті мәслихат шешімімен бекітілетін аурулар тізбесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін жергілікті бюджеттен қамтамасыз етуге 40% өсіммен 378 млн.теңге жоспарланды.
Вакциналар мен иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен 1,6 млрд.тенге бөлінеді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстарына 1,2 млрд.теңге жоспарланды.
Халықты әлеуметтік қолдауға 13 млрд. теңге жоспарланды.Атаулы әлеуметтік көмекке жалпы көлемі 2,5 млрд. теңге жоспарланды (оның ішінде республикалық бюджет қаржысы – 1,9 млрд.теңге). Көмек алушылар саны – 23 мың адам. Атаулы әлеуметтік көмектен бөлек 2020 жылы жаңа жоба енгізілетін болады. Бұл жоба – аз қамтылған отбасы балалары үшін біржолғы кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Анықтама: әлеуметтік пакет келесідей шығыстарды қамтиды:
- мектеп жасына дейінгі балалар үшін – балалар тағамы мен гигиеналық құралдар;- мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, оқу құралдары мен киім, жол шығындары.
Облыс бойынша әлеуметтік пакетпен мектеп жасына дейінгі 5172 бала және мектеп жасындағы 9411 бала қамтылатын болады.Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген топтарына (ҰОС ардагерлері,, көп балалы аналар, мүгедектер) әлеуметтік көмек көрсету жалғасады. Аталған көмекті алушылар саны жыл сайын орта есеппен 7%-ға өсуде.
«Диломмен ауылға» бағдарламасы аясында 230 маманға тұрғын үй сатып алуға несие беру үшін 915 млн.теңге жоспарланды.Жоғары оқу орындарында грантпен оқитын студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары жалғасады. 2020 жылға бұл мақсатқа 1073 студент үшін 746 млн. теңге жоспарланды.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫБұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.
Мәдениет, спорт және туризм шығыстарына 10 млрд. теңге жоспарланды.Бұл саладағы негізгі өзгеріс Мемлекет Басшысының 2қыркүйектегі Жолдауында мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға, ал коммуналдық мекеме қызметкерлерінің жалақысын 35%-ға көтеру тапсырмасын орындау. Осыған орай, 2020 жылдан бастап облыс бойынша мәдениет саласының 1132 қызметкерлерінің жалақысын өсіруге 444 млн.теңге бөлінді.
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығына жоспарланған қаржы көлемі 26 млрд. теңгені құрайды.
Өңірде су мәселесі бар. Су тапшылығы күніне 35 мың текше метрді құрайды. Осы мәселені шешу мақсатында қазіргі таңда «Каспий» су тұщыту зауытының тәуліктік қуатын 40 мыңға дейін кеңейту жұмыстары басталды (жоба құны 10,6 млрд.теңге, РБ-дан 1 млрд.теңге бөлінді).
2020 жылы Жетібай, Шетпе, Жармыш, Басқұдық, Қызылтөбе, Маңғыстау-5, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары мен Жаңаөзен қаласы Мерей шағынауданында сумен қамтудың 27 жобасы іске асырылатын болады.Нәтижесінде елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 75%-тен 79%-ке артады.
«Нұрлы жер» бағытында тұрғын үйлер және инженерлік инфрақұрылымдар құрылысына жүргізіледі.
КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫ ТҰРҒЫНҮЙМЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА 300 МЛН.ТЕҢГЕ ЖОСПАРЛАНДЫ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.
Жыл басынан бері 1 млн.шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді. Жыл соңында 1,2 млн. шаршы метр үйді қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз.
Келесі жылға 46 жобаны іске асыру жоспарланды (6 млрд.теңге бөлінді: ішінде – 4,8 млрд.теңгеге 37 өтпелі жоба, 1,2 млрд.теңгеге 9 жаңа жоба).
Негізгі мақсат – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінде облыста аталған категорияда 8 491 отбасы бар.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді тұрғын-үймен қамту мақсатында 300 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілетін болады.
Транспорт инфрақұрылымын дамытуға - 17 млрд. теңге, оның ішінде жолдар құрылысына 10 млрд. теңге бөлінеді.
Анықтама:
- Құрық, Шебір, Баянды, Қызылтөбе-2, Маңғыстау-4, Басқұдық, Ақшұқыр ауылішілік жолдарының;
- «Ата жолы», «Шетпе-Қызан», «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» жолдарын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасады.
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2020 ЖЫЛЫ 17 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.
- Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейді ағымдағы жөндеу және 600 орындық жаңа мектептің инженерлік желілер құрылысы;
- Ақшұқыр, Қызылтөбе және Маңғыстау-4 ауылішілік жолдарын орта жөндеу және салу;
- Шетпе ауылында орталық кітапхана құрылысы.
Анықтама:
2019 жылы аудан орталықтары болып табылатын Бейнеу, Маңғыстау және Шетпе ауылдарында 1,3 млрд.теңгеге 25 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 5 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша 7 жоба және көлік инфрақұрылымы бойынша 13 жоба:
- 32 км ауылішілік автомобиль жолдарын;
- 6,9 км көше жарықтандыруын;
- 6 әлеуметтік және 3 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу жұмыстары;
- 8,5 км газ құбырының және 4 әлеуметтік нысаның құрылысы жүргізілді.
2020 жылы бағдарлама аясында қаржыландыруға Баянды, Басқұдық, С.Шапағат, Өмірзақ ауылдарын енгізу Министрлікпен келісуде.
Қаржыландырудың болжамды көлемі – 2,3 млрд. теңгені құрайтын болады.
Ауыл шаруашылығы саласында өңірдің негізгі экологиялық мәселесі - «Қошқар Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстарын бастауға 100 млн.теңге жоспарланды (жоба құны 17,5 млрд.теңге).
Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытында «Бизнестің жол картасы», «Нұр капитал» бағдарламасын іске асыруға және кәсіпкерлерді несиелеуге 4 млрд.теңгеге жуық қаржы жоспарланды.
Бүгінгі таңда өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі - 22,5%. Олардың саны 6,5%-ға артып 54 мың бірлікті құрап отыр (2018 жыл 11 ай – 51 мың бірлік).
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жалпы сомасы 56 млрд. теңгені құрайтын 47 жобалары жүзеге асырылуда.
Анықтама:
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі іске қосылған кезден бастап 10 жоба жүзеге асырылды - 5 балабақша, 3 мектеп аумағындағы спорт залдары, гемодиализ орталығы, Ақтау қаласындағы тұрғын – үй кешені;
- іске асырылу сатысында 2 жоба - Ақтау қаласында «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесін енгізу және оған қызмет көрсету жобасы. Құрылыс-монтаж жұмыстары, тіректер орнатылып, кабельдерді байламдау жұмыстары жүргізілуде;
- 1 жоба конкурстық рәсімдер сатысынан өтуде - Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м3/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану. Квалификациялық таңдаудан қытайлық Safbon Water Service (Holding) Inc Shanghai компаниясы өтті. Қазіргі уақытта келісімшарттың жобасы компанияның қарауында.
Бастама білдіру сатысында 34 жоба, оның ішінде:
білім беру саласында 31 жоба
денсаулық сақтау саласында 1 жоба
қоғамдық тәртіп саласында 1 жоба
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында 1 жоба
Бюджет құрылымының 4-ші деңгейін енгізудің соңғы кезеңі 2020 жылы аяқталады.
Өздеріңіз білесіздер, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2 мыңнан асатын 30 ауылда және Форт-Шевченко қаласында дербес бюджет енгізілген болатын.
Енді келесі жылдан бастап бюджеттің 4-ші деңгейі халық саны 2 мыңнан төмен 15 ауылдарда енгізілетін болады, олар:
- Бейнеу ауданында – 7 ауыл (Сарға, Төлеп, Есет, Сам, Тұрыш, Сыңғырлау, Тәжен);
- Қарақия ауданында – 3 ауыл (Бостан, Құланды, Болашақ);
- Маңғыстау ауданында – 4 ауыл (Оңды, Ақшымырау, Шебір, Отпан);
- Түпқараған ауданында – 1 ауыл (Қызылөзен).