Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР Б.САПАРБАЕВ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    2244
    19 желтоқсан

    Жұмыс тобы сапардың екінші күні барысында Ақтаудағы Маңғыстау-арена спорт кешенін аралап, жаттығу залындағы жеткіншектермен кездесті. Қазіргі уақытта жасөсіпірімдер мұнда спорттың бірнеше түрімен айналысуда. "Болашақ- дені сау өскелең ұрпақтікі. Сондықтан мұндай спорт кешендері тек облыс орталығында ғана емес, ауыл-аудандарда көптеп салынуы керек",-деді ол.  Айта кетейік 9333 шаршы метр аумақты құрайтын нысанда волейбол, қазақ күресі, ауыр атлетика, шағын футбол сияқты түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар.

    Сонымен қатар үкімет тобы Ақтау қаласының тұрғындарымен де кездесті. Кездесуге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бірге Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин және Кәсіподақтар федерациясның төрағасы Ералы Тоғжанов қатысты. Жиында сөз алған вице-премьер азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ ол ақтаулықтарды мемлекеттік қолдау бағдарламаларын барынша пайдалануға, соның ішінде "Еңбек" бағдарламасына баса мән беруге шақырды.

    "Біздің ортақ мақсатымыз - қоғамдағы көкейтесті мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастырып, азаматтарымызды жұмыспен қамту, олардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Егер мамандығыңыз жоқ болса - "Еңбек" бағдарламасы аясында белгілі бір мамандықты игеріп, қайтарымсыз несие немесе жеңілдіктері қарастырылған микрокредит алуға болады." - деп атап өтті Б.Сапарбаев. Сонымен қатар жиында «Педагогтар мәртебесі туралы» Заң жобасы жөнінде де айтылды. Жаңа заңда мұғалімдердің жалақысын арттыруды, жүктемені азайтуды, кадрлық тапшылықты жоюды, материалдық емес ынталандыруды және дарынды балаларды қолдау тетіктерін қамтымақ. Апаттық және үшауысымды мектептерді жою, сұранысы жоқ мамандарды даярлайтын ЖОО мен колледждердің санын қысқарту, қала мен ауыл арасында оқыту сапасындағы айырмашылықты 2 есе қысқарту қарастырылған. Кездесу еркін форматта жалғасын тауып, тұрғындар өзекті деген өз сұрақтарын қойды. Атап айтсақ, білім, медицина, көгалдандыру жұмыстары, тұрғын-үй мәселесіне қатысты сұрақтар көтерілді.


    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар