Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Ақтаудағы «Абай» атындағы мәдени демалыс кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған
салтанатты жиын болып өтті. Облыс әкімі Серікбай Трұмов салтанатты шараға
қатысушыларды ел үшін ең қастерлі мерекемен құттықтап, аймақтың биыл жеткен
жетістігіне тоқталды.Өңір басшысының айтуынша, биыл облысқа 550 млрд. теңгеден аса инвестиция
тартылды. Жалпы құны 31,5 млрд. теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жобаны
жүзеге асыру жоспарланды. Инвестициялық жобалар арқылы 400-ге жуық жұмыс
орындары құрылды. Жалпы 2019 жылы аймақта 33 мың жұмыс орны ашылды. Биыл «Нұрлы
жер» бағдарламасы аясында және барлық қаржыландыру көздері арқылы 1,2 млн.
шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Бір атап өтерлігі, «Туған жер» бағдарламасы аясында облыс тұрғындары
туып-өскен аулының өсіп-өркендеуіне, көркеюіне сүбелі үлес қосып, биылғы жылы
12 млрд 200 млн тг қаржыға 98 жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, ауылдық
жерлерде әлеуметтік-мәдени, спорттық нысандар мен қайырымдылық жобалары,
сонымен бірге мектептер мен емханаларға қажетті құрал жабдықтар алынды»,-деді
Серікбай Өтелгенұлы.
Ел Тәуелсіздігінің нығаюына және аймақтың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ
азаматқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік марапаттар
- «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі
үшін», «Шапағат», Қазақстан Халқы Ассамблеясының Қоғамдық «Бірлік» алтын
медальдары, Қазақстан Республикасының құрмет және Қазақстан Халқы
Ассамблеясының құрмет грамоталарымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Алғыс»
хаты табысталды.
Салтанатты жиын Ақтау қаласы өнерпаздары мен талантты жастарының ән шашуымен
аяқталды.
«Парасат» орденімен
Керелбаев Сақып Бүркітбайұлы
еңбек ардагері, Ақтау қаласы
Шакрат Сержан Ысқақұлы
«Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК солисті, Ақтау
қаласы
«Құрмет» орденімен
Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы
«Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті, Ақтау қаласы
Байғазиев Көшер
«Қазақстан Республикасының суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі,
Маңғыстау облысы
Дербісов Қалым Бисенұлы
«Каспий-Ак» ЖШС директоры, Ақтау қаласы
Маденова Раиса Ивановна
Маңғыстау энергетикалық колледжі директорының кеңесшісі, мәдениеттану
оқытушысы, Ақтау қаласы
Мыңбай Сақи Еңсепұлы
Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы, Маңғыстау облысы
Сағынбаев Исахан
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Ақтау қаласы
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Ағиев Ыбрайым Дәуітұлы
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ пайдаланыстағы жабдықтарды
прокаттау-жөндеу цехының бастығы, Ақтау қаласы
Оразғалыев Жұмабай
«Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС құрылыс конструкцияларын құрастырушы, Маңғыстау
облысының Жаңаөзен қаласы
Өтесов Есет Сиражұлы
«Жайлау» ЖШС бас шопаны, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Атағараев Дүйсенбай Айтқалиұлы
Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сайлау комиссиясының төрағасы
Ахметов Хайрат Ислаұлы
«Козерог» ЖШС директоры, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы
Әділбеков Жұмабай Зинуллаұлы
«АС Құрылыс» ЖШС бас директоры, Маңғыстау облысының Қарақия ауданы
Әріп Ғалым Бисембіұлы
«Маңғыстау» газетінің бас редакторы, Ақтау қаласы
Башенов Айтқали Өтебайұлы
«Өзенмұнайгаз» АҚ транспорт жөніндегі басқарушы директоры, Маңғыстау облысының
Жаңаөзен қаласы
Ермұханова Румия Валетқызы
«IT мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Ақтау қаласы
Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы
«Ақ жол құрылыс» ЖШС бас директоры, Ақтау қаласы
Көмекұлы Амандық
«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры, Маңғыстау облысы
Күзембаев Аманғали Жұмашұлы
Түпқараған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Маңғыстау облысы
Қамысбай Құралай Нұртайқызы
«№ 3 жалпы орта білім беру мектебі» ММ мұғалімі, Маңғыстау облысының Мұнайлы
ауданы
Құрмашев Алдаберген
еңбек ардагері, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы
Қыздарбайұлы Ізбасар
жеке кәсіпкер, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы
Оңғарбай Рза Ахметұлы
ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Маңғыстау облысы
Раушанов Ағой
«Қазақстан қолданбалы экология агентігі» ЖШС «ҚҚАЭ-Ақтау» филиалы бұрғылау
бөлімінің бастығы, Маңғыстау обласы
Спан Әбілқайыр Бақытұлы
жазушы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау облысы
Хныкина Ольга Васильевна
«Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» МКҚК «Радуга» үлгілі балалар
шығармашылығы орталығының жетекшісі, Ақтау қаласы
«Шапағат» медалімен
Сартбаева Әсем Бакытқызы
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Маңғыстау облыстық
филиалының шеф-редакторы
Сәулеұлы Тұрғанбай
«Оғланды-Ата, Бекет-Ата қоғамы» қоғамдық қорының төрағасы, Маңғыстау облысының
Қарақия ауданы
Сүндетбаев Ыбрайым
«Шопан ата жерасты мешіті мен Теңге зиратын сақтау және қорғау» қоғамдық
қорының төрағасы, Маңғыстау облысы
Ізтілевов Әбішбай
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» КМК дерматовенеролог дәрігері, Маңғыстау
облысы
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
Берішбаева Гүлмира Шотанқызы
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысы, Маңғыстау облысы
Дабылов Асқар Кендебайұлы
«НҰРСӘТ» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы, Ақтау қаласы
Жақашева Жамал Нұрбайқызы
«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» МКК мамандандырылған медициналық қызмет
көрсету бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облысы
Махмутов Ерболат Хабиболлаұлы
Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы
Молдағалиева Нүрия Құмарғалиқызы
«Жетібай ауылдық ауруханасы» МКК директорының міндетін атқарушы, Маңғыстау
облысының Қарақия ауданы
Тұрақова Ажарһан Шарафадинқызы
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы
Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
Ақтау қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалының директоры, Маңғыстау облысы
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жыл