Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/е нысан бойынша анықтамасы (бұдан әрі - анықтама).
Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратуды қабылдағаннан кейін – стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне сәйкес талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің бос уақытын таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып стандарттың 7-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының құжаты мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін төленген түбіртек (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) дәрігер терапевт көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес талон береді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушы бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтеді - орындау уақыты 7 (жеті) сағат;
3) дәрігер терапевт бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген № 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қорытындыны рәсімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
4) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қолы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қойған анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі:
1) дәрігер терапевттің дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне сәйкес талон беруі;
2) бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтуі;
3) дәрігер терапевттің қорытындыны рәсімдеуі;
4) дәрігерлік сараптама комиссиясы төрағасының қорытындыны рәсімдеуі;
5) анықтамаға бірінші басшысының қолы және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының мөрін қоюы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) дәрігер терапевт;
2) бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан кабинеттерінің қызметкерлері;
3) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) дәрігер терапевт көрсетілетін қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес талон береді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушы бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтеді - орындау уақыты 7 (жеті) сағат;
3) дәрігер терапевт бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген № 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қорытындыны рәсімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
4) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді - орындау уақыты 15 (он бес) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қолы және көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қойған анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.