Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Официальный интернет-ресурс

ГКП на ПХВ «Жанаозенская городская поликлиника №3» Управления здравоохранения Мангистауской области

Мангистауская область, Жанаозен Г.А., г.Жанаозен, Микрорайон АКСУ , Улица СМАГУЛ СЕЙТКАЗИЕВ, 77А
Врачебная амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • О нас
  • Гос.закупки
  • Гос. служба
  • Населению
  • Ужазова Уриягани Амангелдіқызы

    16 июня

    Бүгінде медицинаның жілігін шағып, майын ішкен, қатардағы маманнан басшылық қызметке сан жылдар тізбегінде тәжірибесін шыңдай өскен, өмірін еңбек өрнектерімен өрген, арамызда жүрген жаны жайсаң жақсы адамдардың бірі туралы сөз қозғағымыз келіп отыр. Ол – Жаңаөзен қалалық №3 емхана директорының емдеу ісі бойынша орынбасары - Ужазова Уриягани Амангелдіқызы.  

    1967 жылы 15 сәуірде Түркменстан Республикасы Ташауз облысында дүниеге келген. 1974 - 1984 жылдар аралығында Көне-Ургенч ауданы, Байрам-Таган колхозындағы  №13 орта мектепті аяқтаған. 1986 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы балалар дәрігері институтына түсіп, 1992 жылы аталған оқу ордасын аяқтайды.

    1992 - 1993 жылдары Туркменстан Республикасы Ташауз  қаласында интернатурадан өткеннен соң 1993 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Қаскелен ауданына көшіп келіп, сол жерде балалар телім дәрігері ретінде еңбек жолын бастайды. 1998 – 2002 жылдары Туркменстан Республикасы Ташауз обылысы Көне-Ургенч ауданындағы жанұя дәрігері болып жұмыс жасаған. 2002 жылы Жаңаөзен қалалық балалар емханасында учаскелік педиатр дәрігері ретінде еңбек жолын жалғастырады. 2012 жылы сол мекемеде №1 педиатрия бөлім меңгерушісі болып тағайындалған Уриягани Амангелдіқызы 2015 жылы №1 Жаңаөзен қалалық емханасына ауысып, аға дәрігері қызметіне орналасады. 2016 жылы Рахат емханасына аға дәрігері болып ауыстырылып, 2018 жылдан бері №3 Жаңаөзен қалалық емханасында директордың емдеу ісі бойынша орынбасары болып тағайындалады.

    Міне, осы уақыттан бері, басшылық қызметті мінсіз атқарып, ұжымның ұйытқысы болып келеді. Мансап пен отбасының тізгінін қатар ұстап жүрген білікті дәрігер жолдасымен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр.

    Талапты еңбекпен ұштастырып, жемісі мен жеңісіне қанағатпен қарап, әрбір істеген ісіне терең ой жүгірте білген Урия апайдың еселі еңбегін емхана ұжымы жоғары бағалайды. Осы күнге дейін атқарған тыңғылықты еңбегі үшін «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Толағай табыстары әлі де еселеніп, арта берсін!


    Руководитель управления
    Көмеков Алишер Ералыұлы Биография Вопрос-ответ Блоги