Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Жұрттың көбі «электрондық темекі кәдімгі шылымнан гөрі зиянсыз» деп ойлайды. Бірақ оның денсаулыққа әсері әлі толық зерттелген жоқ. Темекінің электрондық түрі – жаңа өнім.
Мұндай темекіні тартатын адамдарды кім деп атайтыны да белгісіз.
Америкада кәдімгі темекі шегетін шылымқорлар түтінсіз электрондық темекі тартатын таныстарын
«бу шығарушы» деп атайды. Себебі электрондық темекіні тартқанда түтін емес,
никотиннің буы будақтайды.
Ингалятор сияқты жасалған электрондық темекінің ішіне сұйық никотин (оған су, хош иіс беретін химикат, ол химикатты ыдырататын приполенгликоль қосылған) құйылып, оны қыздыратын кішкентай батерея орнатылған. Темекінің жаңа түрін қолданушылардың барлығына жуығы – бұған дейін де шылым шеккен адамдар. Олардың 40 пайызы «электрондық темекі шексек,шылымның залалды әсерінен құтыламыз» деп үміттенген. Әдетте кәдімгі шылым жанғанда одан бөлінетін улы токсиндер мен смола адамның рак ауруынан өлу қаупін арттырады.
«Адамдар шын шылымнан көрі электрондық темекіні көбірек қолданбай ма? Электрондық темекіні қауіпсіз деп ойлағандықтан олар никотинге тәуелді боп қалуы мүмкін ғой?» деген сауалдар да көп қойылады.
Елді көбірек мазалайтын тағы бір сұрақ: «Негізінен Қытай мен Азия елдерінен келіп жатқан электрондық темекінің құрамында олар айтқан залалсыз заттардың бар-жоғына қалай көз жеткізуге болады?»
Электрондық темекінің қорабына никотиннің мөлшері «азырақ» немесе «көбірек» деп жазылғанына қарамастан, олардың құрамындағы никотинның құрамы жоғары екені анықталды. Түтінсіз темекінің иісін шығару үшін құрамына тағы не қосқаны да жете тексерілмеген.