Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Бүгінде медицинаның жілігін шағып, майын ішкен, қатардағы маманнан басшылық қызметке сан жылдар тізбегінде тәжірибесін шыңдай өскен, өмірін еңбек өрнектерімен өрген, арамызда жүрген жаны жайсаң жақсы адамдардың бірі туралы сөз қозғағымыз келіп отыр. Ол – Жаңаөзен қалалық №3 емхана директорының емдеу ісі бойынша орынбасары - Ужазова Уриягани Амангелдіқызы.
1967 жылы 15 сәуірде Түркменстан Республикасы Ташауз облысында дүниеге келген. 1974 - 1984 жылдар аралығында Көне-Ургенч ауданы, Байрам-Таган колхозындағы №13 орта мектепті аяқтаған. 1986 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы балалар дәрігері институтына түсіп, 1992 жылы аталған оқу ордасын аяқтайды.
1992 - 1993 жылдары Туркменстан Республикасы Ташауз қаласында интернатурадан өткеннен соң 1993 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Қаскелен ауданына көшіп келіп, сол жерде балалар телім дәрігері ретінде еңбек жолын бастайды. 1998 – 2002 жылдары Туркменстан Республикасы Ташауз обылысы Көне-Ургенч ауданындағы жанұя дәрігері болып жұмыс жасаған. 2002 жылы Жаңаөзен қалалық балалар емханасында учаскелік педиатр дәрігері ретінде еңбек жолын жалғастырады. 2012 жылы сол мекемеде №1 педиатрия бөлім меңгерушісі болып тағайындалған Уриягани Амангелдіқызы 2015 жылы №1 Жаңаөзен қалалық емханасына ауысып, аға дәрігері қызметіне орналасады. 2016 жылы Рахат емханасына аға дәрігері болып ауыстырылып, 2018 жылдан бері №3 Жаңаөзен қалалық емханасында директордың емдеу ісі бойынша орынбасары болып тағайындалады.
Міне, осы уақыттан бері, басшылық қызметті мінсіз атқарып, ұжымның ұйытқысы болып келеді. Мансап пен отбасының тізгінін қатар ұстап жүрген білікті дәрігер жолдасымен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр.
Талапты еңбекпен ұштастырып, жемісі мен жеңісіне қанағатпен қарап, әрбір істеген ісіне терең ой жүгірте білген Урия апайдың еселі еңбегін емхана ұжымы жоғары бағалайды. Осы күнге дейін атқарған тыңғылықты еңбегі үшін «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Толағай табыстары әлі де еселеніп, арта берсін!