Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • МАҢҒЫСТАУДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА 6 УЧАСКЕДЕ ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

    2173
    28 мамыр

    Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев хабарлады.

    Жыл сайын жаз мезгілінің басталуымен Каспий теңізінің жағалауында демалатын халық ағыны өсуде. Осыған байланысты, статистика бойынша, жазғы айында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануының шыңы байқалады. Су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету МО төтенше жағдайлар департаментінің назарында. Алайда, қызметкерлердің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, халықтың бәріне бірдей ұдайы қамтылмауы мүмкін. Жүргізілген талдау бойынша, судағы опат болудың негізгі себебі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына, тиым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылуға, суда мас күйінде болуға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығына байланысты болды.

      Суға шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуы мен мертігуіне жол бермеу мақсатында су айдындарының учаскеде шомылуға тыйым салынған және тиісінше рұқсат етілген – 38 учаскелері бойынша нормативтік құжаттар қабылданды. Жоспар аясында 2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру, алдын алу және практикалық іс-шаралар кешені қарастырылды.

    МО төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына, оның ішінде балаларға  профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстары рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Өткен жылы 29 рейд өткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 13 адам 176 750 тенге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Судағы адам шығынын болдырмау мақсатта профилактикалық іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.

    Айта кету керек, тұрғындардың шомылу маусымындағы қауіпсіздігін  Ақтау, Форт-Шевченко, Құрық ауылы мен Кендірлі демалыс базасындағы жедел-құтқару бөлімшелері қамтамасыз етеді.

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар