Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
АИТВ – адамның иммундық тапшылық вирусы және ЖИТС – жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. АИТВ ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте келе АИТВ-ны жұқтырған адам жиі ауыратын болады. Әдетте, ЖИТС диагнозы жұққаннан кейін бірнеше жыл өткесін қойылады. ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.).
ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ
Вирус (ретровирус) жұқтырып алған адам — вирус тасымалдаушы болып табылады. ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмағандықтан вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, ана сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
а) жыныстық қатынас;
ә) вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда)
б) анасынан нәрестеге жұғу арқылы.