Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • Атакузиева Светлана Ахкажиевнаны

    16 маусым

    ШАМШЫРАҚ ШАПАҒАТШЫСЫ

    Адам айналасындағы өмірді сыртқы мүшелері арқылы қабылдайды. Сондықтан көз адамның ең маңызды мүшелерінің бірі болып табылады. Халық арасында «Көзіңді алмастай сақта», «Көз – адамның шамшырағы», «Көз  адамның айнасы», «Қол-аяғымыздан айырылсақ та көзіміз сау болғай», «Көз  – адамның көркі» деген қанатты сөздер қалыптасқан. Қиылған қара қас, ұзын кірпік және таза жәудіреген мөлдір көздер бетті ажарландырып, жасарта түседі. Тек сау көздер ғана айқын да мөлдір болады.

    Көзінің саулығы сыр берген қала тұрғындары қаламыздағы офтальмолог дәрігерлердің бірі және бірегейі – Атакузиева Светлана Ахкажиевнаны жақсы таниды.Өйткені 30 жылдан астам өмірін көзді емдеудің қыр-сырына арнаған, талай жанның қос жанарының сауығуына себеп болған білікті маман.

    Ол 1968 жылы Өзбекстан Республикасы Хожелі қаласында дүниеге келген.1975-1985 жылдары Хожелі қаласында орта мектебін бітірген соң 1985-1986 жылдары Хожелі қаласындағы көз диспансерінде кіші буынды медбикесі ретінде жұмыс жасайды. 1986-1992 жылдары Самарқанд мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі бойынша бітірген Светлана 1992-1993 жылдары Нөкіс қаласындағы көз ауруханасында интернатурадан өтеді. 1993-1996 жылдары балалар емханасында көз дәрігері болып қызмет атқарады. 1996 жылы Жаңаөзен қаласының №2 емханасына көз дәрігері болып орналасады. 2005 жылы Жаңаөзен қалалық емханасында учаскелік терапевт-дәрігері ретінде жұмыс жасаған. 2007 жылы сол емханада өз кәсібіне қайта оралады. 2018 жылдан бастап №3 Жаңаөзен қалалық емханасында көз дәрігері ретінде қызмет атқарып келеді.

    Дәрігер жыл сайын көзі қалатындардың саны артып келе жатқандығына алаңдайды. Бұған өміріміздің ажырамас бөлігі болып кеткен смартфондар мен компьютерлер, түрлі гаджеттер екендігі айдан анық. Осы тұста халық денсаулығына бейқам қарамайтын дәрігер балаларды бұл заттардан аулақ ұстауды, оқушылардың экранға қарау уақытын шектеп отыруға кеңес береді.

    Светлана Ахкажиевна өз жұмысының маманы. Ұжымдастар арасында өте сыйлы, абыройлы, өзін әрдайым жақсы жағынан көрсете білетін жан. Үш ұлдың ардақты анасы.


    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар