Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Әлемде сан түрлі мамандық бар. Олардың қайсысы маңыздырақ? Дәрігер ме, әлде ұстаз ба? Өрт сөндіруші ме әлде полицей ме? Бұның нақты жауабы жоқ. Әрбір іс, әрбір мамандық маңызды. Өз өмірін маңызды және пайдалы іске арнаған адам нағыз батыр десек те артық емес.
Ал «бүгінгі күннің батырлары – дәрігер» дегенді қазірде көп естиміз. Осы сөздің тереңіне үңілдік пе? Қаупі әлі де сейілмеген індеттің қарыштап, адам жанын жалмап тұрған шақта бірінші шепте дәрігерлер тұрды емес пе? Жүрегінде Гипократ антын сақтап еңбек етіп, сырқатын айтып келген әр науқасқа бар ынтасымен көмектесіп жүрген ақ халаттылар, пандемия кезінде бұрынғыдан да бетер маңдай терін төкті.
Осындай білікті де білгір мамандардың бірі, бірінші санатты дәрігер - Наренова Раушан оқуын бітіргеннен бастап өмірін осы дәрігерлерлік мамандыққа арнаған адам. Жаны таза, еңбегіне адал, ұстанымына берік маман. Ол технологиялық дамуды құп көреді.
Раушан Ізбасарқызы 1960 жылы Хожелі қаласында дүниеге келді. 1980 жылы Самарканд республикалық медициналық институтына түсіп, 1986 жылы педиатр дәрігері мамандығын алған ол өзінің еңбек жолын 1987 жылы Шуманай орталық ауруханасында иммунолог дәрігері ретінде бастайды. 1989-2007 жылдар аралығында Хожелі қаласындағы орталық ауруханасында телім дәрігері қызметін атқарған. 2007-2015 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық балалар емханасында балалар дәрігері, 2015-2018 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық №1 емханасында жалпы тәжірибелі дәрігер болады. 2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Жаңаөзен қалалық №3 емханада жалпы тәжірибелі дәрігер қызметін атқарып келеді. Аталмыш емханада өзін білімді және білікті маман әріжақсы ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. «Қандай жұмыста болмасын жастарды тәрбиелеу, жас мамандарды оқыту – уйрету жұмысынан қалдырған емес. Өз жұмысында жаңарған медицина технологиялары мен жаңалықтарын үнемі пайдаланып отырады», - дейді әріптестері.
30 жылдан астам уақытын дәрігерлікке арнаған маман «Мақсатым - науқастарды емдеумен қатар, жас мамандармен тәжірибеммен бөлісу, соларға бар білгенімді үйрету»,-деп мақсатымен де бөлісті.
Ал біз өз кезегімізде, тәжірибелі дәрігердің арман-мақсаты орындала берсін деп шын жүректен тілейміз!