Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Адамға өмір бір ғана рет беріледі. Ал, оның қауіпсіздігіне кепілдік беретін – дәрігерлер. Сондықтан білікті де білгір, мейірімді де иманды әрі ізгі болу – шарттылық. Адамды жылы сөзбен емдейтин, кедей-бай деп бөлмейтін, ауырып жаткан адамнан жиренбейтін мықты дәрігерге жолықсаң, бағыңның жанғаны дей бер.
Бүгінгі тұрмыстық химияның қолданысқа кеңінен енген заманында тері ауруларының арту тенденциясы байқалуда. Сәйкесінше, дерматолог дәрігерінің қажеттілігі де арта түспек. Дуылдап терің қышығанда, мазаңды кетіріп, бөртік толғанда тері дәрігерінің біліктілігі ауадай қажет. Осы тұста 30 жылдан астам уақыт халық денсаулығына, медицина саласына ынтасымен ат салысып жүрген дематолог Нұранова Зоя Нұранқызын атап өткеніміз жөн.
Талай қалжыраған тән мен қиындық шеккен жандардың ауруына дауа тауып жүрген Зоя Нұранқызы 1963 жылы Өзбекстан Республикасы Хожелі қаласында дүниеге келген. Осындағы орта мектеп табалдырығын еңсерген соң Нөкіс қаласындағы медициналық училищеге түсіп, 1982 жылы оқуын тәмамдайды. Туған қаласына оралған Роза 1983-1985 жылдары Хожелі темір жол ауруханасында медбике болып медициналық қызмет ете бастайды. Дәрігер болуды мақсат тұтқан ол осы салада білім алуын 1985 жылы Самарқанд қаласындағы И.П.Павлова атындағы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. 1991-1992 жылдары Нөкіс қаласында интернатурадан өтіп, 1992 жылы Хожелі аудандық орталық ауруханасына нарколог дәрігері ретінде келеді. 1999 жылы Жаңаөзен қаласына көшіп, қалалық емханаға жалпы тәжірибелі дәрігері болып орналасады. 2000 жылы Орталандырылған терапия бөліміне учскелік терапевт дәрігері қызметіне, 2016 жылы сол емхананың дерматолог дәрігері қызметіне ауысқан. 2019 жылдан бері №3 Жаңаөзен қалалық емханада дерматолог дәрігері болып жұмысын атқарып келеді.
«Дәігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ» демекші, Зоя Нұранқызы алдына келген науқасты жылы сөзімен-ақ біраз «емдей» алатын дәрігер. Келе жатқан төл мерекемен құттықтай отыра, келесі өлең шумағын арнаймыз:
Қолың шипа, дертке дауа сөздерің,
Жылу берер күлімдеген көздерің.
Денсаулығың мықты болсын, дәрігер,
Көп болсыншы ауру жеңген кездерің