Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • Ерназарова Роза

    16 маусым

    Адам дәрігерге дүниедегі ең қымбат нәрсесін — өмірі мен денсаулығын сеніп тапсырады. Дәрігер, өз кезегінде, мейірім­ді­лікпен, ізгілікпен, жігерлі­лікпен өзінің бар білімі мен іскерлігін сол науқас үшін сарп етеді. Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арт­тырып, көз майын тауысып өзінің саласына сәйкес ғылыми еңбектерді тынымсыз ақтарып, теорияны тәжірибемен ұштас­тыра білу — дәрігер үшін бұлжымайтын қағида. Ерназарова Роза Сейтназарқызыосы аталған мінездемелерге сай келетін дәрігрлердің бірі.

    1968 жылы  Өзбекстан Республикасы Хожелі ауданында дүниеге келген Роза 1985 жылы орта мектептің 10 сыныбын бітірген. 1986 – 1994 жылдары Ташкент мемлекеттік медициналық институтының жалпы медицина факультетінде білім алып, одан соң  Нөкіс қаласында 1 жыл интернатурадан өтеді. Еңбек жолын 1995 жылы Нөкіс қаласындағы №2 емханада онколог дәрігері ретінде бастайды. 2005 жылы Жаңаөзен қаласына келіп, қалалық емхаға эндокринолог дәрігері болып жұмысқа орналасқан. 2011 жылы сол емхананың күндізгі бөлім терапевт-дәрігері қызметіне ауыстырылады. 2016 жылы сол емханада жалпы тәжірибелі бөлімінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылып, 2018 жылдан  сол лауазымын  №3 Жаңаөзен қалалық емханасында  жалғастыруда.

    30 жылға таяу уақыт дәрігерлікті жолдас еткен Роза Сейтназарқызы өз жұмысын тиянақты орындайтын іскер маман. Бір қолымен халық денсаулығының қамын қамдаса, бір қолымен екі кыз, бір ұлын мейірлене бағып-қағып отырған мейірімді ана.

    Қызметкерлерге байыппен қарайтын, осал тұстаы болса, байсалдылықпен, әдеппен ескетертетін білікті меңгеруші Роза Сейтназарқызы бұдан да ары биік белестеді бағындырарына сеніміміз мол.

    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар