Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • ИНСУЛЬТ

    06 мамыр

    Елімізде жыл сайын 40 мың адам инсульт тырнағына іліксе, 5 мыңы алғашқы 10 күнде қайтыс болады. Олардың ішінде 53 % ерлер қауымы болса, 47%-ы әйел адамдары. 41-60 жас аралағындағылар  осы дерттің торына түсетін қауіпті топқа кірсе, 61-70 жас одан кейінге орынға жайғасқан. Ал 71 жастан жоғарыларда 28 %, 16-40 жас аралығындағылардың көрсеткіші – 4%.

    Инсульт дегеніміз не?

    Инсульт ми қан айналымындағы проблемадан туындайды. Геморрагиялық инсульт – ми қантамырының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы, ал ишемиялық  инсульт – тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтағанымен, қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалуы.

    Жалпы, статистикада: инсультке шалдыққандардың 31%-ы арнайы күтімге зәру болса, 20%-ы өздігінен жүруден қалады, тек 8% науқастар ғана ұзақ реабилитациядан кейін қалыпты өмірге оралуы мүмкін екені айтылады.  Бір қиыны  – инсультті алдын-ала болжау. Қазір күліп отырған адам бірнеше минуттан соң жедел жәрдем шақыруға жағдайы келмеуі мүмкін.

    Инсульттің негізгі белгілері:

    - бірден бас қатты ауырады;
    - адам есінен танады;
    - тепе-теңдіктi ұстау мүмкін емес, адам нық жүре алмайды;
    - бір жақ толығымен ұйып қалады;
    - сөйлеуде қиындықтар болады, бірде-бір сөзі түсінікті болмауы мүмкін;
    - көздің көруі нашарлайды, кейде екі көз де көруден қалады;

    Дерттің көбі өмір сүру салтын дұрыс сақтамағаннан жабысып жатады. Сарапшылар инсультті болдырмау үшін төмендегі шараларды сақтауды ұсынады:

    1. Дене салмағын қадағалау қажет
    Артық салмақ бірнеше инсульт факторларын тудыратын қауіптің белгісі. Оның кесірінен артериалды қысым көтеріліп, жүрек-қан тамыр аурулары туындап, диабет дамуы ықтимал. 4-5 келі жоғалтудың өзі сізден көптеген қауіп-қатердің бұлтын сейілтеді.
    2. Көбірек көкөніс пен жеміс-жидек пайдаланыңыз.
    Көкөністер қан қысымын төмендетуге, тамырдың иілгіштігін жақсартуға әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде инсульттың ең дұрыс профилактикасы болмақ.
    3. Темекіден бас тартыңыз
    «Анда-санда шегемін» деген сөз де ақталуға жатпайды. Ол белсенді шылым тартатындар секілді тамырлардың жұмысына аса кедергі келтіреді.
    4. Жаттығыңыз
    Физикалық белсенділік инсульттың барлық түрінің дамуын төмендетеді. Әсіресе, аэробты жаттығулардың пайдасы көп: жүру, жүгіру, суға жүзу, велосипед айдау, жүктемесі аздау фитнес...
    Күн сайын кем дегенде 30 минут ілгерідегі жаттығуларды жасап жүріңіз. Бұл –салмақты азайтып, толық қан айналымын жақсартып,  стресстен арылтады.
    5. Ішімдікті рационнан сызып тастаңыз
    Спирттік суындар артериалды қысымды көтеруші фактордың бірі.
    6. Трансмайларды аз қолданыңз
    Тарнсмайлар тамырлардағы бос аралықты азайтады. Ол – тромбтың пайда болуының алғашқы түрткісі. Сол себепті, фастфуд, чипсы, крекер, маргарин секілді тағамдарды азырақ қолдануға тырысыңыз.
    7. Артериалды қан қысымын бір қалыпта ұстаңыз

    Қысымды 130/80-ге дейін жеткізбеңіз. Егер мұндай жағдай бола қалса, терапевттің консультациясын алғаныңыз жөн.

    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар