Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Адам ассыз 20 күн өмір сүре алады, бірақ сусыз бір апта да жүре алмайды, өйткені біздің ағзамыз 70-80% судан тұрады. Су аспен бірге түскен барлық пайдалы заттарды араластырып, оны әр жасушаға жеткізеді. Осылайша, бірде-бір элемент жоғалмайды. Судың адам ағзасына пайдасын айта берсең, ұшан теңіз. Ағзадағы токсиндер мен қалдықтардан да судың көмегімен арылуға болады. Су дене температурасын реттейді, ал онсыз ағзадағы барлық маңызды физиологиялық процестер мен зат алмасу жүрмейді.
Су сондай-ақ тромбтар мен инфаркттің алдын алады, ол инсульттің жолын кесіп, мидың жұмысын, зейінді, жақсартады. Су асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істеуіне, іш қатуын болдырмауға көмектеседі.
Су қатерлі ісік ауруына ұшырау мүмкіндігін азайтады. Тәулік бойы жеткілікті мөлшерде су ішсе, қуықтың қатерлі ісігінен, тоқ ішек қатерлі ісігінен сақтануға болады. Сырттай ұқсастығына қарамастан, су өзінің ішкі құрамы бойынша ондағы минералдардың магний, кальций, темір, йод, фтор, калийдің мөлшері мен табиғилығына байланысты әр түрлі болатыны белгілі.
Суды әсіресе қазіргі ораза күндері көп ішу маңызды! Ауыз ашқанда шай не басқа сусындардан гөрі судың өзін көбірек ішкеніңіз абзал.