Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Менингит — халық арасында көп таралған дерт. Өте қатерлі ми ауруы. Бұл ауруға көбіне балалар тез шалдығады. Менингит басқа аурулардың, яғни шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Бұрындары бұл аурудың емі табылмағандықтан, менингитке шалдыққан адам ұзақ өмір сүрмеген екен. Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын. Бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен күн санап айығып жатқан адамдар саны артып келедi.
Менингит
қалай жұғады
Менингит — тұмаудан толық жазылмаған жағдайда, тазалық сақталмаған жерде, көп адам жүретін жерде, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан және іш сүзегінен пайда болады. Көбiне суықтан пайда болатын ауру ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адамнан ауру жан жақа тез таралады. Сонымен қатар менингит адамның жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде бұл ауруға шалдыққандардың 20% өз өмiрiмен қоштасады.
Аурудың алғашқы белгілері
Ауру екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы. Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.
Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40 градусқа жоғарылап, бұлшық еттері қысыла бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда мүгедек болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитті білдіреді.
Белгілері:
Емдеу жолдары
Жоғарыда айтылған белгілер пайда болған жағдайда бірден жедел жәрдем шақыртыңыз. Мүмкіндік болса науқасты тез арада ауруханаға жеткізіңіз. Менингиттен айығуға болады. Бірақ мүмкіндік өте аз. Дәрігерге дер кезінде қаралып, қажетті емді қабылдаған кезде менингит аурын жеңіп шығуға болады.
Алдын алу жолдары
Осы нұсқауларды орындаған жағдайда менингиттің алдын алуға болады.
Жаңаөзен қалалық № 3 емхана эпидемиолог дәрігері:
Нуранова Маусым Жұматурдықызы
Мақала жазылған күн: 12.02.2020ж