Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • Адам иммун тапшылығы вирусы

    26 қараша

    ВИЧ немесе адам иммун тапшылығы вирусы – иммундық жүйе жасушаларына шабуыл жасайтын вирус. Ол ағзаның қорғаныс жүйесіне жауап беретін T-хелперлерді жойып, олардың орнын өздерінің көшірмесімен толтырады. Вирус қанша көп болса адамның иммунитеті де соншалықты төмен болады. Сондықтан ретровирусқа қарсы терапия қабылдамаған науқас жиі ауырады. Денесінде көк дақтар пайда болып, шыққан жараның жазылуы қиындайды.

    Емделмеген жағдайда ВИЧ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына, яғни, СПИД-ке ұласып кетеді. Дәрігерлер оны ВИЧ індетінің соңғы стадиясы деп те атайды. Бұл кезеңде иммунитет өздігінен инфекцияға қарсы күресе алмайды. Емделмеген адам үш жылға дейін ғана өмір сүреді.

    ВИЧ індетінің белгілері: вирус жұқтырғаннан кейін алғашқы 2-4 аптада науқастардың 40-90 % өздерін суық тигендей сезінеді. Денесі дел-сал болып, тамағы ауырады, тоңып, үсті қышиды, ауыз қуысында жара пайда болып, лимфа бездері ұлғаяды. Тесттердің бәрі болмаса да көпшілігі вирус арқылы бөлінетін антиденелерді анықтай алады. Дегенмен әр жарты жылда немесе жылына бір рет ВИЧ-ке тест тапсыруды әдетке айналдырған жөн. Оның үстіне, қазақстандықтар тексерудің бұл түрінен тұрғылықты емханасы арқылы тегін өте алады.

    Иммун тапшылығы вирусын емдеуге болады. Бірақ одан толық айығып кету мүмкін емес. Ретровирусқа қарсы күшейтілген терапияның арқасында вирус жұқтырған пациенттердің өмірін 70-80 жасқа дейін ұзартуға болады, дейді мамандар. Аталған терапия жасушадағы ақуыздарға әсер ететін ферменттердің қызметін әлсіретеді. Нәтижесінде иммун тапшылығы СПИД-ке айналмайды.

    ВИЧ-ті жоққа шығару

    Иммун тапшылығы вирусын жоққа шығаратындарды ВИЧ-диссиденттер деп атайды. Олар ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарамастан, вирусты қаржылық табысты көздеген фармкомпаниялар ойлап тапқан деп есептейді. Ең өкініштісі – ВИЧ-тің барына сенбейтін және онымен ауыратын адамдар ем-домның барлық түрлерінен бас тартады. Салдарынан ауыр жағдайға ұшырап, көбі СПИД-тен қайтыс болады.

    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар