Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданы, Смағұл Сейтқазиев көшесі, 77А
Дәрігерлік амбулатория
8(72934) 92379
Jgp3@mail.ru
  • Біздер туралы
  • Мем.сатып алулар
  • Мем. қызмет
  • Тұрғындарға
  • Жол-көлік апаттары

    04 сәуір

    Қазақстанда жыл сайын жалпы өлім-жітім себебін алсақ, қан айналымы жүйесі мен онкологиялық ауруларынан кейінгі үшінші орынды иеленіп жол-көлік апаты, көбінесе жас, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өмірін қиып жатады. Дүниежүзінде жолда 1,24 миллионға жуық адам қаза тауып, ал 20-дан 50 миллионға дейін адам қауіпті жарақат алады. Дүниежүзінде жол-көлік апатының нəтижесінен болатын өлім-жітім оқиғасының 59%-ы 15-44 жас аралығындағы жас адамдар арасында орын алады. Орташа жылдамдықты 5%-ға төмендету өлімге əкелетін апаттың санын толықтай 30%-ға төмендетуге ықпал етеді. Балаларға арналған орындық пен қосымша құрал (жастық) апат болған жағдайда балалар өлімін 54-80%-ға төмендетеді. 

    Күндізгі уақытта жол-көлік оқиғасы кезінде өлім-жітім оқиғасына қауіп-қатер 93%-ға дейін артады, ал қалған ауыр зардап шеккен- дер 22%-ды құрайды. Балалар жарақатының 10-14 жас аралығында, қайғылы оқиға мен жарақаттың 40%-ы мектепке дейінгі жəне 60%-ы мектеп оқушылары арасында көп кездеседі. Жолдағы жəне тұрмыстық жарақаттың жоғары болуының басты себебі балалар жарақатынан сақтандыруға ересектердің жеткілікті назар аудармауы, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмауы, мектеп оқушыларының жол жүру мəдениетінің төмендігі, жол қозғалысы ережесін жеткілікті білмеуі, ата- аналардың кері үлгі көрсетуі жəне мектеп жанындағы жолдарға жүргізушілердің назар аудармауы болып табылады. Мектеп жасындағы балалар үшін тұрмысқа тəн жарақатқа велосипед тебу, əткеншек пен жоғарыдан құлау, ыстық пен тоққа күю жатады. Соңғы жылдары балалардың қатысуымен топтық жарақаттың көптеп тіркелуі жағдайды қиындатып отыр. Жолда жүру кезінде жол-көлік оқиғаларының салдарынан қаншама адамдар жарақаттанып жатады. Жарақаттың сүйек сынуы, ауыртып алуы, жаралануы, күю сияқты түрлері болады. Сынықтардың сүйектің морт бөлінуі, қақ жарылуы, опырылуы, шытынауы, сынған сүйектердің шашылып қалуы сияқты түрлері болады.


    Басқарма басшысы
    Көмеков Алишер Ералыұлы Өмірбаяны Сұрақ-жауап Блогтар