Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаса
Не істеу керек:
Сіз өз мәртебеңіз туралы қам жасауыңыз қажет!
I. Егер Сіз өзіңізді жұмыссыз деп есептесіңіз және жұмыссыз ретінде есепке тұруға тілек білдірсеңіз, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Ауылдық округтің әкіміне өтініш беруіңіз қажет.
II. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында жұмыс жасайтын болсаңыз (жекеменшік тасымал (такси), құрылыс бизнесі, қызметтер, сауда және т.б.), онда Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына ДК (дара кәсіпкер) ретінде тіркелуіңіз қажет.
Егер Сіздің табысыңыз бір жылда 12 ең аз жалақыны құраса, онда Сіз өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұлға ретінде жарна төлейсіз. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу үшін, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Ауылдық округтің әкіміне өтініш беруіңіз қажет.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне төленетін жарна мен аударымдарды анықтау және одан әрі медициналық көмек алу үшін, Сіздің әлеуметтік мәребеңізді анықтау қажет!